Accessibility links

Өзбекстандағы президент сайлауында И.Кәрімовтің жеңетініне ешкім күдіктенбейді


ТАШКЕНТ: Ресми биліктің мәліметі бойынша, Өзбекстандағы президент сайлауында сайлаушылардың 80 пайызы дауыс беріп үлгерді, ал заңға сәйкес, сайлаушылардың 33 пайызы ғана дауыс берсе жеткілікті. Дауыс беру учаскелері бірнеше сағаттан кейін жабылуға тиіс. Іле-шала сайлаудың бастапқы нәтижесі жарияланады. Бірақ 1989-ыншы жылдан президент болып отырған И.Кәрімовтің жеңетініне ешкім күдік келтірмейді. Оның 3 бәсекелесі – көпшілікке бейтаныс “қуыршақ” үміткерлер. Олар И.Кәрімовті қолдайтындарын жасырмайды. Орталық сайлау комиссиясы заң бұзылғаны туралы ешқандай хабар болмағанын мәлімдейді. Сайлауды 30 мемлекет пен 5 халықаралық ұйымнан келген бақылаушылар, оның ішінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан 26 бақылаушы қадағалады. Батыс журналистері сайлауға жіберілмеді.
XS
SM
MD
LG