Accessibility links

Қырғызстанның бұрынғы энергетика министрі И.Чудинов премьер-министр етіп тағайындалды


Қырғызстан президенті Құрманбек Бәкиев бұрынғы энергетика министрі Игорь Чудиновты премьер-министр етіп тағайындады. Бәкиев кезектен тыс парламент сайлауы өтеді деген соң, қазан айында Қырғыз үкіметі отставкаға кеткен болатын. Таяда өткен сайлауларда президенттің Ақ Жол партиясы парламенттегі 90 орынның 71-ін иеленді. Оппозиция мен батыс елдерінің бақылаушылары сайлау әділ өтпеді деп мәлімдеді. Сонымен қатар бүгін елдің бұрынғы мемлекеттік хатшысы Адахан Мадумаров парламент спикері болып сайланды.
XS
SM
MD
LG