Accessibility links

Өзбекстандағы президент сайлауында И.Каримов жеңіске жетті


Өзбекстанда жексенбі күні өткен президент сайлауында Ислам Каримов жеңіске жетті. Орталық Сайлау Комиссиясының хабарлауынша, бастапқы ресми нәтижелер бойынша дауыс берген сайлаушылардың 88 пайызы Каримовты қолдаған. Халықтық демократиялық партиясынан сайлауға үміткер ретінде түскен Аслиддин Рустамов 3,4 процент дауыс жинап, екінші орында келеді. Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымының айтуынша, сайлау демократиялық стандарттарға сай келмеген. Сайлауда Каримовпен бақталасқан үш үміткер де “демократиялық сайлаулар болды” деу үшін ғана жарысқа түскен, дейді сарапшылар.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG