Accessibility links

Украина президенті бәсекелес топтың өкілін қауіпсіздік саласының жетекшілігіне тағайындады


Виктор Ющенко өзінің басты бәсекелесі, бұрынғы премьер-министр Виктор Януковичтің одақтасына жоғары лауазым тізгіні ұстата отырып, оппозицияға жақындай түсті. Президент Раиса Богатырованы ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің басшылығына бекітті. Бұдан бір апта бұрын ғана президенттің қызғылт сары төңкеріс кезіндегі бұрынғы одақтасы Юлия Тимошенко үкіметбасына парламенттің мақұлдауымен тағайындалып, Виктор Януковичтің орнын басқан болатын. Алайда Янукович өз жақтасы қазіргі әкімшіліктен жоғары лауазымды қызметтен орын алмауы тиіс деп, бұл тағайындауға қарсылығын білдірді.
XS
SM
MD
LG