Accessibility links

Ресейдегі “ОКО” партиясының лидері Б.Немцов президент сайлауына түспейтін болды


МӘСКЕУ: Ресейдегі “Оңшыл күштердің одағы” серкесінің бірі Б.Немцов президент сайлауына түсуден бас тартты. “Азаттыққа” берген сұхбатында оның өзі атап көрсеткендей, «сайлаудың нәтижесі алдын-ала белгілі, ал өзге үміткерлердің үгіт-насихат жүргізетін мүмкіндіктері тең емес». Сонымен қатар Б.Немцов оппозицияның М.Касьянов, Г.Зюганов сияқты басқа үміткерлерін сайлауалды науқанын демократияға сай өткізу үшін ресми биліктің алдына өз талаптарын қоюға шақырды. Егер Кремль ондай талаптарды орындамаса, онда оппозиция серкелері президент сайлауынан бас тартуға тиіс деп есептейді Б.Немцов.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG