Accessibility links

Өзбекстандағы оппозициялық қозғалыстың мүшелері Алматыда аштық жариялады


АЛМАТЫ: Қазақстанда босқын мәртебесін ала алмай жүрген Өзбекстандағы демократиялық «Бірдамлик» қозғалысының бір топ мүшесі БҰҰ-ының Алматыдағы өкілдігі алдына жиналып, аштық шарасын бастайтындықтарын мәлімдеді. Олар өздерінің әрекетін «Өзбекстандағы президент сайлауының ресми нәтижесіне және өздеріне босқын мәртебесін беруді кешіктіріп жатқан Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындардың істері бойынша комиссариатының Қазақстандағы бөлімінің басшысы Сезар Дюбонға наразылық білдіру» деп түсіндірді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG