Accessibility links

Пәкістан оппозициясының басшысы Беназир Бхуттоның денесі туған жері Синд аймағында бүгін жерленбекші


Бхуттоға желтоқсанның 27-де Рауалпиндидегі жиылыс кезінде жанкешті біреу оқ атып, Бхутто кетпекке бет алған кезде, әлгі белгісіз өзін-өзі жарған. Оның кесірінен тағы кем дегенде 20 адам қаза болды. Президент Первез Мушараф ел ресмилерімен төтенше отырыс өткізді. Ол сондай-ақ ұлттық теледидар арқылы сөз сөйлеп, елді тыныштыққа шақырып, 3 күндік аза жариялады.
XS
SM
MD
LG