Accessibility links

Зымыран ұшыру ісінде Ресей мен Қазақстан келісімге қол жеткізді


Қазақстан әуе кеңістігінде Ресей Протон зымыранының қыркүйек айында жарылуынан қоршаған ортаға келген зардаптар өтемақысы жөнінде екі ел ресмилері мен ғарыш агенттіктері арасында келісімшарт жасалды. Протон отыны гептил қалдықтарының залалдары үшін Астанаға 2 миллион 400 мың доллар шамасында өтемақы төлеуге Мәскеу келісті. Сондай-ақ Қазақстаннан жалға алған Байқоңыр айлағынан ұшырылатын Протондар санын азайтуға да Ресей уәде берді.
XS
SM
MD
LG