Accessibility links

Бадри Патаркацишвили Грузия президенттігіне кандидат ретінде сайлауға түсуден бас тартуы мүмкін


Грузиялық миллионер өзінің бүгін жариялаған мәлімдемесінде туындап отырған саяси жанжалға байланысты президенттік сайлаудан бас тартуға дайын екендігін мәлімдеген. Мұның алдында Грузия билігі Патаркацишвлиді арнайы полиция департаментінің басшысына үкіметтік төңкеріс жасауға көмектесу үшін пара ұсынды делінген видеотаспа төңірегіндегі деректерді жариялаған болатын. Патаркацишвили бұл айыптауларды жоққа шығарады. Бадри Патаркацишвили - кеше өзінің хабар таратуын уақытша тоқтатқан Имеди телеарнасының негізін қалаушы.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG