Accessibility links

Әлем жетекшілері Бхуттоның қастандықпен өлтірілуін қатты айыптауда


Мұндай қастандық жасалуын айыптай келе, олар Пәкістанды демократиялық бағытты ұстап қалуға шақырды. БҰҰ-ның бас хатшысы Бан Ки Мун Бхуттоға жасалған қастандықты өте бір қатігез қылмыс деп атады. АҚШ президенті Дж. Буш Пәкістан президенті Первез Мүшаррафқа телефон шалып, осы бір қиын жағдайда қолдау білдірді, қорқаулардың тасада тұрып тас лақтыруына қарамай, Пәкістанды демократиялық жолдан таймауға шақырды. Ал Беназирдің өлімінен кейін Азия нарығында мұнай бағасы тағы өсе түсті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG