Accessibility links

Пәкістан оппозициясының жетекшісі Беназир Бхутто бүгін өзінің туған жері Синдх провинциясында жерленді


Пәкістанда үш күндік аза тұту жарияланды. Бұрынғы премьер-министр Беназир Бхуттоға бейсенбі күні Равалпинди қаласындағы митинг үстінде қастандық жасалды. Жанкешті бомбаны Бхуттоның көлігінің жанында жарған, тағы да 20 адам құрбан болды. Жаңалықтар агенттіктері Бхуттоның өліміне жауапкершілікті Әл-Қаида өз мойнына алды деген хабар таратты. Алайда Пәкістан ішкі істер министрі оның анық еместігін айтқан. Пәкістан оппозициясының жетекшісі Науаз Шариф Бхуттоның өлтірілуін айыптап, президент Первез Мүшарафтың отставкаға кетуін талап етті. Пәкістанның қазіргі премьер-министрі үкіметтің сайлауды кейінге қалдыру турасында ешқандай жоспары жоқ деп айтты.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

XS
SM
MD
LG