Accessibility links

Әзірбайжан президенті 5 журналистке рахымшылық жасады


Әзірбайжан президенті Илхам Әлиев 5 журналистке, яғни Яшар Агазаде, Ровшан Кабирли, Рафиқ Тақи, Самир Седагетоғлы және Феремез Аллавердиевке рахымшылық жасады. Бұл журналистер мемлекеттік шенеуніктердің ар-ожданына нұқсан келтірді, Мұхаммед пайғамбарға тіл тигізді деген түрлі айыптармен айыпталып, түрмеге жабылған болатын. Адам хұқтары бойынша халықаралық ұйымдар Әзірбайжандағы баспасөз бостандығы жағдайына алаңдаушылық танытып, қамауға алынған барлық журналистерді босатуға шақырды. Сыншылардың айтуынша, Әзірбайжанда бірқатар оппозициялық журналистерге қарсы қозғалған қылмыстық істердің саяси астары бар.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG