Accessibility links

Талибанды қолдайтын Австралия азаматы түрмеден босатылды


Лаңкестікке қатысы бар деп күдіктелгендерге арналған АҚШ-тың Гуантанамо абақтысында 5 жылдан астам уақыт отырған Австралия азаматы өз елінде түрме жазасын өтеп болғаны үшін бостандыққа шығарылды. Дэвид Хикс 2001 жылы Ауғанстанда тәліптер үшін соғысып жатқан кезінде тұтқындалған болатын. Хикс терроршыл әрекеттерге қатысы бар деп айыпталып түрмеге жабылған Гуантанамодағы жалғыз тұтқын. Осы жылдың наурыз айында Дэвид Хикс лаңкестік ұйымға материалдық қолдау көрсеткенін мойындап, маусым айында Австралияға оралған-тұғын.
XS
SM
MD
LG