Accessibility links

Пәкістан президенті елдегі тәртіпсіздік әрекеттері тоқтатылсын деп бұйырды


Пәкістанның оппозициялық лидері Беназир Бхуттоның өліміне байланысты “Әл-Қаида” соғысушысы деп күдіктелген бір кісі айыпталып отыр. Пәкістан үкіметі Бхуттоға жасалған қастандықтың артында Байтуллаһ Мехсуд тұр деп мәлімдеді. Алайда Мехсудтың баспасөз-хатшысы бұл айыптауларды жоққа шығарып, оны “үкіметтің үгіт-насихаты” деп атады. Бхутто ханым бейсенбі күні Рауалпинди қаласындағы шеру барысында болған шабуылдан қаза тапқан болатын. Соңғы хабарларға қарағанда, Пәкістан президенті Первез Мушарраф Бхуттоның өлімінен кейін тәртіпсіздік әрекеттеріне қатысқандарға қарсы қатты шара қолданылсын деп бұйырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG