Accessibility links

Журналист Сейдахмет Құттықадам ХХ ғасырдың отызыншы жылдары қазақ даласында болған аштық нәубеті жайында


- Қазақ тарихында 1931-33 жылдарғы ашаршылықтың орны ерекше. Ол сол кезде совет үкіметі екі республикаға – Украина және Қазақстанға қарсы қолдан жасаған нәубат болды. Себебі, сол уақытта Украинада ұлттық қозғалыс бой көтеріп келе жатқан еді. Ал Қазақстанда кешегі Алаш қозғалысының саңылақтары – білімді, үлкен Түркістанның көзін ашатын азаматтар бар еді. Міне, осы екі елге арнайы аштық зобалаңы жасалды. Қазір енді оған Украина өз бағасын дұрыс беріп жатыр. Меніңше, біз олардан бұрын бастауымыз керек еді. Яғни, сол кезде кеңес үкіметінің тұтас елге қарсы жасаған геноцид болғанын айтып, тиісті бағасын бергенде ғана тарихи шындық орнына келеді.

Сол заманда кеңестердің осы қысастығына қарсы қаншама көтеріліс болғанын да айтуымыз керек. Мысалы, адайлар көтерілісі, Сайрамдағы, мына жақта Саурандағы атақты көтерілістер – олардың бәрі қазақтың рухы! Солардың барлығын ел бастаған басшыларымен бірге атап айтып, олардың шығуына не себеп болды деген сұраққа тура жауабын беруіміз керек. Менің ойымша, осындай бір үлкен мағыналы тарихи жұмыс жасалуы керек. Себебі, пайызға шаққанда, бізде Украинамен салыстырғанда көп халық қырылған. Оларда елдің қырық пайызға жуығы құрбан болған секілді, ал бізде ұлттың тең жарымын ашаршылықтың ажалы алып кетті, кемінде 15-20 пайызы қазақтың басқа елге ауып кетті. Сондықтан бұл шын мәнінде қазақты көктей солдырған геноцид. Бұған осындай баға бермей қазақтың жоғы орнына келмейді.
XS
SM
MD
LG