Accessibility links

Семей қаласының тұрғыны Кенесары Қарауылов қаланың қысқа дайындығы және өзі куә болған жергілікті билік басындағылардың тірлігі жайында өз пікірін білдіреді


- Семейде осы қазіргіден бұрын істеген бір әкімнің қырсығы, елді басқара алмайтын сауатсыздығы бірден байқалып еді. Бірде ол бұрынғы Абыралы ауданының орталығы, ал қазірде қалаға қарайтын Қайнар ауылына барды. Соның алдында өткен ауылшаруашылығы жылдарында өзі сатып алған асыл тұқымды үш бұқа сол ауылда екен. Ал енді Қайнарға сол бұқалардың «жағдайын білуге бардым» дегенде мен қатты сасып, қатты қорыққам әкімнің сықпытынан. «Апырмай, басшыға халықтың емес, бұқаның жағдайы керек болғаны ма» деп, сонда әлгі әкімнің жұмысынан көңілім қалған еді. Оның билікте отырғанда бар тындырғаны - өз туған-туыстарына үй алып, күйін жөндеп, тұрмыстарын жақсартты да, содан қызметтен түскеннен кейін қазір қайда жүргені белгісіз ол адамның.

Ал бірақ, соның кезінде жасалуы тиіс болған шаруалардың істелмей қалуының зардабын қала халқы әлі тартып келеді. Рас, қазіргі кезде Семей қаласында жолдар дұрысталып, көшелерге жарық тартылып біраз жұмыстар жасалды. Бірақ, жоғарыда отырған кейбір шенеуніктер көп ретте өтірік мәлімет беретіні анық байқалып жүр. Мысалы, суық түспей тұрып әкімнің орынбасарлары қысқы жылуды жақсартамыз, «керемет, тамаша етіп қатырамыз» деп жүріп, ештеңе жұмыс істемейтіндігі бізді таң қалдырады. Қаланың кейбір жерінде күні бүгінге дейін жылу жөнді берілмей келе жатыр. Қазіргі кезде Семейде түнде 28, ал күндіз 17 градус аяз, кейбір үйлер тоңып отыр. Ал әлгі басшысымақтар болса, бүгін келді де, теледидардан сөйлеп, қалада от жағып жатқан №4 жылу цехын көрсетті де, «бәрі жақсы, бәрі тамаша боп келеді, осыған бәленбай миллион ақша бөлінді» деп сылап-сипады. Ал шын мәнісінде, қала көшелерінде жылу жүйелеріндегі іріп-шірігендерінің барлығы әлі жөнделіп бітпей жатыр, биылғы түскен қыста кейбір үйлерде қарашаның аяғы, желтоқсанның басына дейін жылу болмады. Сондықтан, әлгіндей сөздер халық арасында наразылық тудырады.
XS
SM
MD
LG