Accessibility links

Вашингтон “Әл-Қаида” басшысының жаңа жолдауы Ирақтағы соғыстың маңыздылығын байқатады дейді


Ресми Вашингтон “Әл-Қаида” басшысы Осама Бин Ладеннің жаңа жолдауы Ирақтағы жағдайдың жақсарып жатқанын және бұл елде АҚШ жетекшілігіндегі коалиция күштерінің маңыздылығын байқатады деп мәлімдеді. Ақ Үй баспасөз-хатшысы Тони Фраттоның айтуынша, жаңа аудиотаспа “Әл-Қаиданың” мақсаты ирақтықтар үшін демократия мен бостандыққа кедергі жасау екенін аңғартады. Бин Ладен сенбі күні жариялаған жолдауында мұсылмандарды АҚШ жақтауындағы Ирақ үкіметін қолдамауға шақырып, АҚШ-ты Ирақ мұнайын өз бақылауына алмақшы деп айыптады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG