Accessibility links

Пәкістанда қастандық құрбаны болған Бхуттоның партиясына оның ұлы мен күйеуі жетекшілік етеді


Қастандықтан қаза болған оппозиция жетекшісі Беназир Бхуттоның 19-жасар ұлы Билауал мен оның әкесі Асиф Әли Зардари Пәкістан Халықтық партиясының жаңа төрағалары болып сайланды. Бүгін Наудеро қаласында Бхуттоның партиясы 8-ші қаңтарда өтетін сайлауға партияның түсу-түспеуі жөніндегі мәселелерді талқылап жатыр. Бұл жиын қарсаңында Бхуттоның үйі жанында оның мыңдаған қолдаушысы жиналып үкіметке қарсы үндеулер айтты. Ал сайлауға байланысты, бұрынғы премьер-министр Науаз Шарифтің оппозициялық партиясы сайлауға бойкот жариялауды қарастырамыз дейді.
XS
SM
MD
LG