Accessibility links

Беназир Бхуттоның орнына Пәкістан Халық партиясын 19-жасар ұлы Билавал басқарады


Қастандықпен өлтірілген Пәкістан оппозициясының басшысы Беназир Бхуттоның орнына Пәкістан Халық партиясын оның ұлы, 19-жасар Билавал басқаратын болды. Беназирдің жұбайы Асиф Әли Зардари партияның теңтөрағасы боп тағайындалды. Мәселе кеше Наудеро қаласында өткен партия жиналысында шешілді. Асиф Әли Зардари жариялағандай, ол, сол сияқты, Беназирді өлтіру қылмысын Біріккен Ұлттар Ұйымы тергесін деп талап қылып жатыр.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG