Accessibility links

Виктор Ющенко жаңа парламент бюджетті қабылдап, тиімді жұмыс істеп жатқанын дәлелдеді деді


Украина президенті Виктор Ющенко 2008 жылға арналған мемлекеттік бюджетке қол қойды кеше, жаңа парламент бюджетті қабылдап, парламенттегі көпшіліктің тиімді жұмыс істеп жатқанын дәлелдеді деді. Президент Ющенконың одақтасы, жаңа үкіметтің басшысы Юлия Тимошенко бюджетті парламентте жұма күні қабылдата алды. Ол бас министр қызметіне осыдан он күн бұрын ғана сайланған. Президент Ющенко бюджеттің қабылдануы үкімет пен парламенттің арасындағы әріптестіктің алғашқы үлкен жемісі деп мақтау айтты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG