Accessibility links

Алматылық Ақан Жанайұлы Қазақстанның құрылыс саласындағы өзі көріп жүрген кейбір жайттар туралы пікірімен бөліседі


- Мен бүгінгі елдегі құрылыс жайында кейбір жайттарды айтқым келеді. Соны басқарып отырғандарды мемлекеттік делдалдар деп атауға болады. Бұл саланың ашылмайтын өз құпиялары бар. Мысалы, мемлекеттік бір нысандағы құрылыс жұмыстарын жасауға қатысқың келсе, соған тапсырыс беріп отырған орындарындағы - әкімшілік, департмент – лауазымды адамдар осы мақсатқа бөлінген ақшаның 10 пайызын алады, саған делдалдық қызметі жасағаны үшін. Яғни, осы құрылыс жұмыстарын атқаратын кәсіпорын-фирмалар арасында жарияланған тендерге сені өтірік қосады, сен ол тендерді ұтып шығасың, онан соң әлгі сені өткізген адам бөлінген құрылыс жұмысына сомадан 10 пайызды өзінің қалтасына басады.

Міне, осыдан барып жұмысшыларға еңбекақыға төленетін ақша мөлшері бірден азаяды. Болмашы ақшаға күнкөріс қамымен біздің елге заңсыз келетін Өзбекстан мен Қырғыз елінің азаматтарын алып кеп, соларға жұмыс істетеді. Ондай жұмыста ешқандай сапа болмайды. Ал соны бақылайтын үкімет адамдары әлгіндей ақшаға сатылатын боп тұр ғой. Кез-келген құрылысқа барсаң, сондағы атқарылуға тиісті жұмысқа бөлінетін ақшаның 50 пайызын пара ретінде өзіне төлеуге келіссең, екі ортада жүрген үкіметтің адамдары саған қалаған жұмысыңды алып береді де, ал әлгі пара ақшаны өздеріне алудың түрлі жолдарын біледі. Міне, бұнсыз құрылыс саласында жұмыс істей алмайсың, барлығы параға сатылады ол жерде. Ал нағыз өз бағасына, таза, адал еңбек атқарамын деген адам ол жерден жұмыс таба алмайды, істетпейді ондайларды, маңайына да жолатпайды.

Осының барлығынан бірінші кезекте зарлдап шегетіндер – жұмысшылар. Сонан кейін, өзбек, қырғыз еңбек мигранттарын алып келіп, оларға да жұмысты істетіп алып, кейін сол болмашы ақшаның өзін олар дұрыс төлемей ақысын жеп жатқандарды аз кезіктірмейсіз. Бағасына қарап жұмыс жүреді ғой, мысалы, мына киімді сатып алғаның секілді нәрсе ол. Содан барып небір қылмыстар жасалады, осының барлығы түрткі ғой. Үкімет бақылауы керек осының бәрін.

Қарапайым жұмысшыны қорғайтын заң жоқ. Ал заң жазатын өкімет оны өздері қолданбайды. Бізде жоғарыда отырғандардың өздері бұзады заңды. Сол еді менің айтайын дегенім.
XS
SM
MD
LG