Accessibility links

Түркия оңтүстігінде орналасқан Диярбақыр қаласында кеше бомба жарылды


Кемінде бес адам қаза тапты, алпыстан астам адам жарақат алды. Бұл аймақта негізінен күрдтер тұрады. Бомба Түркия әскерінің мәшинесі өтіп бара жатқанда жарылды. Жарақат алған алпыс адамның жартысы - әскер жауынгерлері. Диярбақыр қаласында көптеген түрік жасақтары орналасқан, олар Ирақ солтүстігінде және Түркия оңтүстігінде күрд партизандарына қарсы жүріп жатқан науқанға қатынасады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG