Accessibility links

Бан Ки Мун Шри Ланка бейбіт келісімнің бұзылғанына өкініш білдірді


Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Бан Ки Мун Шри Ланканың Тамил өлкесінде азаматтық соғысты тоқтатқан бейбіт келісімнің бұзылғанына өкініш білдірді. Ұйым өкілі Мишель Монтас ұйым бас хатшысы мәселеге алаңдап отырған барлық тараптарды бейбіт адамдардың қауіпсіздігін қамтуға шақырады, зардап шеккен мекендерге гуманитарлық көмек көрсетуге шақырады деді. Шри Ланка үкіметі Тамил көтерілісшілерімен арада 2002 жылы жасалған бейбіт келісімді бұзып тастады. Сәрсенбі күні Солтүстік Шри Ланкада қатты шайқас болды. 20 жыл соғысқан "Тамил жолбарыстары" деген әскер Тамил өлкесіне тәуелсіздік берілсін дейді. Осы кезеңде 70 мыңнан астам адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG