Accessibility links

Жаңа Косово парламенті алғашқы отырысын өткізеді


Косовоның жаңа парламентіндегі заңшығарушылар бүгін ант қабылдап, алғашқы отырысын өткізеді. Бұл даулы Сербия аймағы тәуелсіздікке қол жеткізгісі келеді. Парламенттегі ең үлкен екі партия, яғни Демократиялық партия мен Косовоның Демократиялық лигасы партиясының жетекшілері Косовоның тәуелсіздік алуын қолдайды. Аталған партиялар коалиция құруға байланысты келіссөздер өткізіп жатыр. Ал Сербия премьер-министрі Воислав Коштуница Еуропа Одағы Сербиямен жақынырақ қарым-қатынас жасағысы келе ме, әлде Косовоның тәуелсіздігін қолдауды жөн көре ме, міне осының біреуін таңдауы керек деп мәлімдеді. Коштуницаның айтуынша, егер Еуроодақ Сербияның келісімісіз Косовоға өз өкілдерін жіберетін болса, ол екі арадағы қарым-қатынасқа кері әсер етуі мүмкін. Косовоның болашақ мәртебесі жөніндегі Белград пен Приштина арасынадғы келіссөздер нәтижесіз аяқталған болатын. Алдағы айларда Косово өз тәуелсіздігін жариялайды деп күтілуде.
XS
SM
MD
LG