Accessibility links

Бүгін Грузияда сайлауалды науқан аяқталды


Ертең, яғни қаңтардың 5-і күні бұл елде президент сайлауы өтеді. Екінші мерзім үшін сайлауға түсіп отырған Михаил Саакашвилидің 6 бәсекелесі бар. Олардың ішінде миллиардер Бадри Патаркацишвили мен оппозициялық топтардың өкілі Леван Гачечиладзе. Қараша айында полиция мен үкіметке қарсы наразылық танытушылар арасында қақтығыстар орын алған соң кезектен тыс сайлаулар өтеді деп шешілген тұғын. Сенбі күнгі сайлауды қадағалау үшін Грузияға 800-ге жуық халықаралық бақылаушылар келіп отыр. Олардың арасында Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілдері де бар.
XS
SM
MD
LG