Accessibility links

Индонезияның бұрынғы диктаторы Сухарто ауыр халде ауруханаға жеткізілді


Дәрігерлердің айтуынша 86 жастағы Сухартоның жүрегі дімкәс, бүйрегі мен өкпесінде кінәраттар бар. Сухарто Индонезия билігіне 1960 жылдары келіп, 1998 жылы елдегі экономикалық дағдарысқа байланысты өріс алған наразылықтардан кейін биліктен кетірілген болатын. Сухартоға қарсы жемқорлық пен адам хұқтарын аяққа таптады деген айыптар тағылғанымен, ол денсаулығының нашарлығынан осы уақытқа дейін сотқа тартылған жоқ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG