Accessibility links

Өзбекстанның адам хұқтарын қорғаушысы түрмеден босатылды


Езгулик адам хұқтары тобының төрағасы Изроил Ризаев Ассошайтед пресс агенттігіне берген сұхбатында өз орынбасары Карим Бозорбаевтың Өзбекстан Конституциясының 15 жылдығының тойлануына орай жарияланған рақымшылық бойынша босатылғандығын айтқан. Адам хұқтарының белсендісі алаяқтығы үшін деген айыппен осыдан бір ай бұрын алты жылға түрме жазасына кесілген болатын. 2005 жылы Әндіжан қаласында болған қанды толқулардан бері қарай Өзбекстанда кемінде 15-ке жуық адам хұқтарының белсендісі түрлі айыптармен абақтыға қамалған, ал кейбіреуі психиатриялық ауруханаларға жатқызылған.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG