Accessibility links

Беларус билігі оппозиция жетекшісіне елден шығуға тиым салған


Беларустың Біріккен азаматтық партиясының жетекшісі Анатол Лиабедзка ресмилер мұндай тиымның себебін өзіне жабылған жала бойынша ашылған іске қатысты деп түсіндіргендігін айтады. Бірақ оның мәлімдеуінше, бұның саяси астары 2007 жылы өзінің АҚШ президенті Дж.Бушен кездескендігінде жатқан көрінеді. Минскідегі АҚШ елшілігі Беларус билігінің бұл шешімін айыптады. АҚШ пен Евродақ Беларус президенті Александр Лукашенконы оппоненттерін түрмеге жауып, баспасөзді ауыздықтау арқылы демократияны тұншықтырып отыр деп айыптап келе жатқандығы аян.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG