Accessibility links

Бүгін Грузияда мерзімінен бұрын президенттік сайлау өтіп жатыр


Сайлауда президенттіктен үміткер жеті кандидат бәсекеге түсуде. Олардың қатарында тағы бір мерзім президент болудан үмітті осыған дейінгі президент Михаил Саакашвили бар. Кандидаттардың енді бірі Геван Гачечиладзе оппозициялық топтар коалициясынан түсіп отыр. Михаил Саакашвили қараша айында Тбилисиде наразы жұрттың шерулерін күшпен басып, елде төтенше жағдай жариялаған болатын. Мұнан соң ол мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы шешім қабылдауға мәжбүр болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG