АҚШ президенті Джордж Буштың осы аптада Таяу Шығысқа жасайтын сапарын Иран сынға алып отыр. Бұл сапар аймақтағы мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарына араласуға бағытталған дейді Иран ресмилері. Президент Буш сәрсенбі күні Израильге сапармен келеді, сосын ол Батыс Жағалаудағы Палестинаның Рамалла қаласына, кейін Кувейт, Бахрейн, Сауд Арабиясы мен Мысыр елдеріне барады деп күтілуде. Сапар барысында АҚШ президенті Араб елдерін Иранның даулы ядролық бағдарламасына орай Теһранға қысым жасауға шақырмақшы. Иран сыртқы істер министрлігінің баспасөз-хатшысы Мохаммад Әли Хоссейни Буштың сапарын “үгіт-насихат” деп атап, оны жоққа шығарды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Ескендір һәм "Ғаскер әні". Хасанғалиев шырқаған "Алаш маршының" ерекшелігі неде?
-
"Өлексесі табылған малға ғана өтемақы төлейміз"
Су тасқынының шығыны қалай есептеліп жатыр?
-
Өскемен мен Семей
Жарыққа миллиардтаған несие жұмсаған қалада көше неге тас қараңғы?