Accessibility links

Иран Буштың Таяу шығысқа баратын сапарын сынға алды


Иран алдағы аптада АҚШ президенті Дж. Буштың Таяу шығысқа жоспарланып отырған сапары бұл аймақтағы елдердің өзара қарым-қатынастарына араласу болып табылады деген сын айтуда. Буш Израилға сәрсенбі күні барып, сондай-ақ Батыс жағалаудағы Палестиннің Рамалла қаласына да ат басын тіремекші. Мұнан әрі Кувейт пен Бахреинге, Біріккен Араб Эмираттары мен Сауд Арабиясы, Мысырға да сапары жоспарланған. Буш өзінің бұл аймақтағы сапары барысында Араб мемлекеттерін Иранға оның даулы ядролық бағдарламасы турасында қысым жасауға шақырмақшы.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG