Accessibility links

Мүшарраф Беназир Бхутто өз өліміне өзі жауапты деп айтқан


Пәкістан президенті Первез Мүшарраф оппозиция жетекшісін көздеп оқ атылған болуы керек, бірақ Бхутто басын өзі қатерге байлап, 27 желтоқсандағы шабуыл кезінде сақтық шараларын толық сақтамады, бұл үшін оның өзін кінәлау керек деп атап көрсеткен. Мүшарраф мұны АҚШ телеарнасының 60 минут деп аталатын жаңалықтар бағдарламасында айтқан. Бұдан бұрын Пәкістан үкіметі Бхутто шабуыл жасалған уақытта басын машинаға соғып алды деп мәлімдеген болатын. Беназир Бхуттоның күйеуі жұбайының өлтірілуіне Пәкістан билігінің қатысы бар деп халықаралық тексеру амалдарының жүргізілуін талап еткен болатын. Пәкістанға британдық тергеушілер де барған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG