Accessibility links

Бақылаушылар Грузиядағы президенттік сайлау халықаралық талаптарға сай өтті деп мәлімдеді


Бүгін оппозицияның мыңдаған белсенділері Тбилисидің орталығына жиналды. Грузия оппозициясы сенбі күні өткізілген президенттік сайлаудағы дауыс беру қорытындылары бұрмаланды деп наразылық танытуда. Алғашқы нәтижелерге қарағанда, осыған дейінгі президент Михаил Саакашвилидің көш бастап келе жатқаны анықталған. Әзірге дейін сайлаушылардың тек 10 процентінің ғана дауыстарын санап үлгерген Орталық сайлау комиссиясы Саакашвилиге берілген дауыс саны 59 процент деп айтқан. Ал оппозиция кандидаты Леван Гачечиладзені жақтап берген дауыс саны 22 проценттей шамасында болған. Халықаралық бақылаушылар кейбір кемшіліктер болғанына қарамастан, президенттік сайлау халықаралық талаптарға сай болды, оның нәтижелері заңды деп мойындалуы тиіс деп айтқан. Бүгін оппозицияның 5 мыңдай белсендісі Тбилисидің орталығына жиналды. Олар президенттік сайлаудағы дауыс беру қорытындылары бұрмаланды деп наразылық танытуда.
XS
SM
MD
LG