Accessibility links

Ауғанстандағы шабуылдардан бірнеше адам құрбан болды


Ауған ресмилерінің хабарлауынша, елдің оңтүстігінде орын алған зорлық-зомбылық әрекеттерінен 11 адам құрбан болған. Хелманд өлкесінде болған жарылыстан 2 полиция қызметкері мен екі қарапайым тұрғын қаза тапқан. Ал Қандағар өлкесінде бір жанкешті өзін өзі жарып жіберген оның салдарынан бір полиция қызметкері опыт болып, бірнеше кісі жараланған. Сонымен қатар, Урузган өлкесінде НАТО әскерлері мен Талибан соғысушылары арасында орын алған қақтығыстардан 2 адам мерт болған.
XS
SM
MD
LG