Accessibility links

Грузия оппозициясы бүгін наразылық шарасын бастамақшы


Қайта сайланған президент Михаил Саакашвили Грузияда өткен сайлауды мадақтап, ол елдегі демократия үшін жеңіс болды деп мәлімдеді. Бұл туралы Саакашвили Рейтерс ақпарат агенттігіне берген сұхбатында айтты. Грузия президенті сондай-ақ Ресеймен арадағы нашарлап кеткен қарым-қатынастарды жақсартқысы келетінін атап көрсетті. Сенбі күнгі президент сайлауының бастапқы ресми қорытындысына қарағанда, Саакашвили 50 пайыздан көбірек дауысқа қол жеткізіп қайта сайланған. Ал оның негізгі бәсекелесі Леван Гачечиладзе одан шамамен екі есе кем дауыс жинаған. Оппозиция сайлау бұрмаланды деп, бүгін наразылық шараларын бастамақшы.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG