Accessibility links

Ресейдегі оппозициялық коалицияның бір белсендісі соққыға жығылды


“Басқа Ресей” оппозициялық коалициясының бір белсендісі Мәскеуде соққыға жығылған. Бұл туралы аталған коалицияның мүшесі Александр Аверин хабарлады. Оның айтуынша, белгісіз екі адам сенбі күні 17 жасар Мария Коледаға үйінің сыртында шабуыл жасаған. Коледа президент Путиннің партиясы басымдықпен жеңіске жеткен желтоқсандағы парламенттік сайлауларға наразылық танытып, оппозициялық шерулерге қатысқан болатын.
XS
SM
MD
LG