Accessibility links

Қуғындағы бұрынғы Грузия қорғаныс министрі Францияға тапсырылды


Франция ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, қуғында жүрген Грузиялық оппозиция лидері Иракли Окруашвили Германия абақтысынан Парижге тапсырылған. Қазір ол Франция абақтысында отыр. Министрліктің баспасөз-хатшысы Жерард Гашенің мәлімдеуінше, Окруашвилидің саяси баспана жөніндегі өтініші қаралып жатыр, бұл үдеріс аяқталғанға дейін ол қамауда болады. Грузияның бұрынғы қорғаныс министрі Окруашвили Тбилисидің сұрауы бойынша қараша айында Германияда тұтқындалған болатын. Ол өз елінде “бопсалаумен айналысты және билікті аса пайдаланды” деп айыпталып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG