Accessibility links

Беларус кәсіпкерлері үкіметтің жаңа ережесіне наразылық танытты


Минскіде 3 мыңға жуық Беларус кәсіпкері кіші бизнеске шектеу қоятын үкіметтің жаңа ережелеріне наразылық танытты. Сонымен қатар елдің шығысындағы Махилеу қаласында да осыған ұқсас наразылық шарасы өтті. Бірінші қаңтардан бастап өз күшіне енген ережелерге сәйкес, кіші кәсіпкерлікпен айналысатындар тек жақын туыстарына ғана жұмыс бере алады. “Азаттық” радиосы Беларус қызметінің хабарлауынша, шерушілер жиналған жерге қауіпсіздік күштері орналастырылған. Наразылық акциясына бірнеше оппозиция лидері де қосылып отыр, олардың арасында Александр Милинкевич те бар.
XS
SM
MD
LG