Accessibility links

БҰҰ-ның өз ішінде коррупция мен алаяқтық бойынша 250 іс қаралып жатыр


БҰҰ-ның ішкі тергеу басқармасы ұйымның ішіндегі болған бірқатар заңбұзушылықтар мен алаяқтық істерді тергеп жатыр. 250 істің арасында жыныстық, қаржылық түрдегі заңбұзушылықтар бар екені айтылуда. Ұйымның ішкі бақылау қызметінің басшысы Инга Бритт Алениустың айтуынша, істердің үштен екісі бітімгершілік күштердің миссиясына қатысты. Және 80 шақты қылмыстық іс жыныстық мәжбүрлеу мен заңды бұрмалаушылыққа қатысты болып отыр. Алениустың сөзіне қарағанда, тергеушілер 600 млн долларға бағаланған келісім шарттың кейбір жағдайда алаяқтық істерге тартылғанын нақтылады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG