Accessibility links

Эверест шыңына бірінші боп шыққан Эдмунд Хиллари 88 жасында қайтыс болды


Әлемдегі ең биік шыңға көтеріліп, Эверестті бірінші алған жаңа зеландиялық Эдмунд Хиллари мырза 88 жасында дүниеден өтті. 1953 жылдың 29 мамырында шерп Тенсинг Норгеймен бірге Эверестке көтерілген Хиллари кейін Оңтүстіктің полюстегі бірқатар экспедицияға жетекші етіп, өмірінің көбін Тензингтің елі Непалдағы адамдарға көмектесуге арнаған. Марқұм туралы Жаңа Зеландия премьер министрі Хелен Кларк, “Хиллари батыр тұлға” деп атаса, Британия премьер министрі Гордон Браун оны “расында да ұлы қаһарман” болды деген.
XS
SM
MD
LG