Accessibility links

АҚШ президенті Израйл мен Батыс жағалауға сапарын аяқтады


Құрама Штаттар президенті Джордж Буш өзінің Израйл мен Батыс жағалауға сапарын аяқтай келе, Екінші Дүниежүзілік соғыста өлтірілген 6 миллион еврейге Иерусалимдегі қойылған мемориалына барып, Холокост құрбандарына тағзым етті.

“Мен әлемдегі көп адам бұл жерге келеді деп сенем, бұл жаудың болатынын, әрі біз жауымызды көрсек оған қарсы тұру керектігін саналы түрде еске салады”.

Буштың бұл аймаққа сапарының мақсаты өзінің 2009 жылдың қаңтарында президенттік мерзімі аяқталғанға дейін, Таяу Шығыс бейбіт келісіміне қол жеткізу болды. Бейсенбі күні Джордж Буш бұл мақсаты ішінара орындалғанын, енді тек екі тараптан үлкен күш салуды қажет ететін саяси ымыраны талап етеді деген. Бүгін АҚШ президенті Кувейтке барады.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG