Accessibility links

Британ әскері Ауғанстанда әлі 10-даған жыл бойы қалуы мүмкін


ЛОНДОН: Британ әскері Ауғанстанда 10-даған жыл бойы қалуы мүмкін. Кеше Ұлыбританияның қорғаныс министрі Дес Браун осылай деп мәлімдеді. Министрдің ағылшын баспасөзі келтірген сөзіне қарағанда, әлем Ауғанстанның террористер үшін “еш басқаруға жатпайтын жаттықтыру лагеріне” айналуына қарап отыра алмайды. Қазір Ауғанстандағы НАТО-ның басқаруына қарайтын 40 мыңдық халықаралық күштердің қатарында 8 мыңдай британ жауынгері қызмет атқарады. Бұл күштер Ауғанстанды қалпына келтіруге және тәліптерге қарсы күреске көмектесуде.
XS
SM
MD
LG