Accessibility links

Түркіменстан Иранға сататын газының бағасын 2 есе көтеруді көздеп отыр


АШХАБАД: Ресми Ашхабадтың мәлімдеуінше, Иранға экспортталатын табиғи газ техникалық проблемалардың салдарынан тоқтатылды және қазір газ құбыры қалпына келтірілу үстінде. Газдың экспорты Иранның бұрын жеткізілген отынның ақшасын төлеуден бас тартқаны үшін тоқтатылып отыр. Түркіменстанның сыртқы істер министрлігі газ экспортының1-інші қаңтардан бастап доғарылғанын хабарлады, бірақ Иранның Түркіменстанға берешегінің көлемі немесе газ экспортын қашан жалғастыратыны туралы нақты ештеңе хабарламайды. Ираннан алынған мәліметке қарағанда, Түркіменстан Иранға сататын газының бағасын 2 есе көтеруді көздеп отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG