Accessibility links

Әли Хаменеи Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне сын айтты


Иранның жоғары діни басшысы аятолла Әли Хаменеи Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі Иран ядролық бағдарламасына зейін қоюға құқылы емес, бұған ешқандай қисын жоқ деп мәлімдеді. Аятолла Әли Хаменеи бұдан былай бағдарламаға қатысты сауалдармен тек ғана Халықаралық Атом энергетикасы агенттігі айналысса жөн деді. Аятолла Әли Хаменеи бұл сөзін Тегеранда Халықаралық Атом энергетикасы агенттігінің директоры Мұхамед Ел-Барадеймен кездескенде айтты, деп жариялады Иран мемлекетінің бұқаралық ақпарат құралдары. Аятолла Әли Хаменеи ядролық бағдарлама мәселесіне орай жасалып жатқан Америка Құрама Штаттарының қысымына көнбейміз деді.
XS
SM
MD
LG