Accessibility links

АҚШ президенті Джордж Буш Кувейттен Бахрейнге келіп жетті


Бахрейнде Буш АҚШ-тың Бесінші әскери флотының сарбаздарымен кездеспек. Буш Кувейт сапарында америкалық әскери базада болды. Мұнда шамамен 15 мың сарбаз қызмет етеді. Президент Буш Ирақтан жыл ортасына таман 20 мың америкалық сарбазды қайтаруды қарастарып жатырмыз деді. Президент Буш Ирақта қақтығыстар айтарлықтай азайды деп сипаттады. Джордж Буш енді Біріккен Араб Әмірліктерін, Сауыд Арабиясын және Мысырды араламақ. Таяу Шығыс сапарының мақсаты – келесі жылдың қаңтар айында билігінен кеткенге дейін Израиль мен Палестина арасында бейбіт келісімге қол жеткізу.
XS
SM
MD
LG