Accessibility links

Ирақта "Баас" партиясының мүшелеріне қызметке қайтуға рұқсат етілді


Ирақ парламенті Саддам Хұсейн басқарған "Баас" партиясының бұрынғы мүшелерін мемлекеттік және әскери қызметке қайтаруды рұқсат ететін заң қабылдады. Рұқсат тек қатардағы мүше болғандарға берілді, бұрынғы партия басшыларына рұқсат жоқ. Бұл көптен бері күтілген шара. АҚШ әкімшілігі бұл шара ұлттық келісімге қол жеткізудің негізгі кілті дейтін. 2003 жылы АҚШ бастаған әскер кірген соң Саддамның үкіметі құлап, "Баас" партиясының мыңдаған ресми өкілі қызметтен айырылды, Саддамның кезінде саясатта басым болған сүнниттер мен қазіргі үкіметте басымдық алған шиитер арасында кекілжің шықты.
XS
SM
MD
LG