Accessibility links

Дүйсенбі күні Абай қаласында шахтерлерді жерлеу басталады


Қарағанды облысында кеңшілердің қазасына орай қаңтардың 14, 15 және 16-да үш күн аза тұтылады. "Арселлор Митал Теміртау" компаниясына қарайтын "Абай" көмір шахтасында кеше метан газы жарылып, кемінде 7 адам қаза тапты, 26 адам әлі табылмай жатыр. Кеше 161 адам құтқарылды, кемінде 14 адам ауруханаға түсті. "Арселлор Миталл Теміртау" компаниясы Британияда тұратын әлемдегі ең бай адамдардың бірі, мультимиллиардер Лакшми Миталлдың иелегінде. Осы компания шахталарында апаттардан адам шығындары бұрын да көп болған. Дүйсенбі күні Абай қаласында шахтерлерді жерлеу басталады. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қаза тапқан кеңшілердің отбасыларына көңіл айту телеграммасын жолдады.
XS
SM
MD
LG