Accessibility links

Израиль мен Палестина арасындағы бейбіт келіссөз өте күрделі болады


ИЕРУСАЛИМ: Кеше Иерусалимде Таяу Шығыс жанжалын бейбіт жолмен үйлестірудің өзекті мәселелері бойынша Израиль мен Палестина арасындағы келіссөздің бірінші күні аяқталды. Палестина делегациясының басшысы, экс-премьер-министрі Ахмад Кураи кездесуге оң бағасын берсе де, келісімге жетудің өте қиын болатынын атап көрсетті. Израиль делегациясын сыртқы істер министрі Ципи Ливни ханым бастап келді. Келешек Палестина мемлекетінің шекарасын белгілеу, Иерусалим қаласын әділ бөлу, Палестина босқындары мен еврей қоныстарының тағдыры - келіссөздің күн тәртібіне қойылған ең басты тақырыптар.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG