Accessibility links

Ауғанстандағы АҚШ әскерінің қатары 30 мыңға дейін ұлғайтылуы мүмкін


ВАШИНГТОН: АҚШ-тың қорғаныс министрі Р.Гейтс тәліптерге қарсы шайқасып жатқан НАТО күштерінің қатарын нығайту үшін Ауғанстанға АҚШ-тың шамамен қосымша тағы 3 мыңдық әскерін жолдауға ұсыныс берді. АҚШ шенеунектерінің сөзін келтірген Рейтер агенттігінің хабарлауынша, Р.Гейтс бұл ұсынысын Ақ үйге жолдады, бірақ Р.Гейтс президент Дж.Бушпен сөйлескенше, қосымша әскер жолдау туралы ешқандай шешім қабылданбайды. Дж.Буш “Таяу Шығыс сапарынан” осы аптада оралуға тиіс. Осы күні Ауғанстанда АҚШ-тың шамамен 27 мыңдық әскері бар, оның жартысына жуығы НАТО күштерінің құрамында.
XS
SM
MD
LG