Accessibility links

Кремльдің қарсылығына қарамастан Лондон Ресейде Британ кеңесінің кеңселерін ашты


МӘСКЕУ: Ресейдің сыртқы істер министрлігі Ұлыбританияны Британ кеңесінің аймақтық 2 кеңсесін ашу арқылы екі жақты қарым-қатынасты қасақана бұзуғы тырысады деп айыптады. Ресейде Британ кеңесінің бөлімін ашуға Кремль тыйым салған болатын. Министрлік Британ кеңесінің С.-Петербор мен Екатеринбор қалаларындағы 2 кеңсесінен салық қарыздарын өтеуді талап ететінін және осы 2 кеңсеге қызмет ететін консулдық қызметкерлеріне виза бермейтінін ескертті. Кеше Ресейдің сыртқы істер министрлігіне шақырылған ағылшын елшісі Энтони Брентон Ресейдің Британ кеңесіне қарсы кез-келген іс-әрекеті халықаралық заңға қайшы келетінін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG